Дәл Денис Тенді жерлеу күні көңіл айтудың орнына көңілді суретін жариялаған Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитоваға жұрт назын айтты деп жазады gazeta.ru.
Бүкіл әлем қайғырып жатқанда Загитова желіге жаттығу залынан көңілді сурет жүктеді. Ол былай тұрсын, тіпті фотосының астына көңілді смайликтер де қойған.
«Алина, дәл бүгін мына суретті қоятын ретің емес еді», «Мен Қазақстаннанмын. Жылап жүргенімізге 3 күн болды. Сендердің істеп жүргендерің мынау. Денистің рухын құрметтейік», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапты. Қайғылы жағдайдың өткеніне 10 күн болса да, полицейлер қылмыстың бетін әлі күнге аша алмай отыр.