$ 494.87  520.65  4.91

Астанада аулада жүрген балаларын шақырмақ болған келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Қошқарбаев көшесіндегі "Сенатор" тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр деп жазады Sputniknews.kz.

26 жастағы Астана тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Артында 3 баласы қалған.

"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді марқұмның көршілерінің бірі.

Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері осы оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары