Алматыда жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған әйелді көлік соғып, мерт қылды деп хабарлады СТВ арнасы.
Оқиға Ақан Сері ауданындағы Момышұлы көшесінде болды. Куәгерлердің айтуынша, 1970 жылғы әйел жолдың арғы бетіне жүгіріп өтпекші болған. Алайда, оны солтүстік бағыттан келе жатқан «Лада» көлігі қағып өткен. Алматы қалалық ІІД мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 40 603 615 теңге көлемінде айыппұл салынған.