$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да екі азамат 90 жастағы әжейдің ақшасын тартып алды

Зырян ауданында екі азамат қарт кісінің үйіне баса көктеп кіріп, ақшасын алып кеткен деп жазады YK-news.kz.

Зейнеткердің үйіне баса көктеп кірген белгісіз біреулер оны пышақпен қорқытып, ақша сұраған. Зәресі ұшқан ол қарақшыларға үйдегі тұрған 70 мың теңгесін береді. Ақшаны алған екі азамат іздерін суытқан.

Зейнеткер бұл жайт туралы полиция бөлімшесіне үш сағат өткеннен кейін хабар береді.

Құқық қорғаушылар жедел түрде іздестіру шараларын жүргізіп, бір сағат өтпей күдіктілерді қолға түсірген.

Анықталғандай, зейнеткерді тонағандар сол ауданның 25 жастағы тұрғындары болып шықты. Олар істеген қылмыстарын мойнына алған.

Қазіргі кезде бұзақылық жасағаны үшін екі азаматтың үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары