Торайғыров көшесі, 32 мекенжайы бойынша орын алған көп қабатты тұрғын үйден 10 адам сыртқа шығарылды деп жазады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Азамат Қожайбердиев айтты.
«Сағат 23.39-да Павлодар гарнизоны №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы пункт байланысының диспетчерінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Тілсіз жауды сөндіруге №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі мен екі автоцистерна құрамы, № 34 өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі жіберіледі. Оқиға орнына келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында жиһаздар мен үй заттарының, ағаш құрылыстардың жануы, подъездің қатты түтіндеп жатқаны анықталды», - дейді Азамат Қожайбердиев.
Екінші кезекші ауысымдағы жеке құрамының үйлесімді және табанды іс-әрекеттерінің арқасында өрт 10 минуттың ішінде оқшауланды.
Тұрғындардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.