$ 494.87  520.65  4.91

Ер адамдар қарап тұрды: Ақтөбеде оқушы қыз суға батып қайтыс болды

Ақтөбеде 15 жастағы оқушы қыз қайтыс болды. Оның суға батып бара жатқанын көрген ер адамдар құтқарудың орнына қарап тұрған деп жазады Ақтөбе Тайм.

Оқиға 29 шілде күні «Алау» жеке меншік жағажайында болған. 3 қыз суға түсуге ересектерсіз барған. Олар суға батып жатқанда тек 2 ер адам келіп, 2 қызды ғана құтқара алыпты.

«Біз де осы жағажайда болғанбыз. Қыздар суға батып бара жатқанда ер адамдар көп болды. Құтқаруға жүгірудің орнына олар телефондарына суретке түсіріп жатты», - дейді куәгерлердің бірі.

Суға кеткен қыз апайының үйіне демалысқа қыдырып кепті.

«Әлі күнге дейін өзіме келер алар емеспін. Бәрі біздің көз алдымызда болды», - дейді куәгер Любовь Москальчук.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары