$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде доллардың өсуіне байланысты тауарлардың құны қымбаттауы мүмкін

Доллар айырбас нүктелерінде 351 теңгеден саудалануда. Ұлттық банкктегілер төл ақшамыздың тоқтаусыз әлсіреуін Қазақстанға миллиардтаған долларын құйған ірі шетелдік инвесторлардың кетуімен түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

АҚШ-тың федералдық қор жүйесі де саясатын күшейтіп, пайыздық мөлшерлемелерін бірден көтерді. Бұл өзгеріс көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасына әсер етпей қоймады.

Ал АҚШ Конгресі антиресейлік санкциясын күшейтуді шешсе, рубль да бірден 15 пайызға құнсызданады деп көрші ел сарапшылары болжап қойыпты. Тамыз айы осылайша ешбір елдің экономикасына оңай соқпайын деп тұр.

Импортқа тәуелді Қазақстанға доллардың өсуі өз кесірін тигізбей қоймайтыны анық. Енді шетелден келетін тауарлардың бағасы одан әрі шарықтамақ.

Осы орайда, Ұлттық банк өкілдері импорттан гөрі, экспортқа иек артуға, бизнесмендерге отандық өнімнің көлемін мейлінше ұлғайтуға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары