$ 494.87  520.65  4.91

"Көзін үлкейту, мұрнының формасын өзгерткісі келеді": Хирург адамдардың пластикалық отаға жүгінуі жиілеп кеткенін айтады

Қырғызстандық хирург Рүстем Сүйінбаев адамдар арасында пластикалық ота жасатуы сәнге айналып бара жатқанын айтады деп жазады Sputniknews.kz.

Сондай-ақ, ол Орталық Азия халықтарының көбінесе қандай пластикалық отаға жүгінетіні туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, блефаропластика және ринопластика жасататындар көп. Яғни, қабағын алдырту, көзін үлкейту, мұрнының формасын өзгерткісі келетіндер көп екен.

"Жастар пластикалық отаға сән үшін келеді. Мысалы, құрбысы немесе көршісінің ота жасатқанын көріп, ол да қалыспауға тырысады. Мен алдыма пластикалық ота жасатамын деген науқастарымның жартысын райынан қайтарып жіберемін. Бұл дәрігердің шеберлігіне байланысты деп ойлаймын", - дейді хирург Sputnik Қырғызстан радиосына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, қырғызстандық хирург қазіргі кезде барлық аймақта пластикалық ота жасату қолжетімді болып кеткенін айтады. Сол үшін де кейбір дәрігерлер операцияны медициналық көрсеткішсіз де жасай беретін көрінеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары