Ыстық көлге демалысқа барған Шымкент тұрғыны қайтыс болды. Қазақстан азаматының мәйіті курорттық аймақтан табылғаны туралы ақпаратты бұған дейін Кабар ақпараттық агенттігі таратқан болатын.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 5 тамыз күні Бостери демалыс аймағындағы үйлердің бірінен 1979 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Кейінірек анықталғандай, ол Шымкенттің тұрғыны екен. Ыстық көлге әйелімен және 4 баласымен бірге 2 тамыз күні келген. Әйелінің айтуынша, осы күнге дейін марқұм спирттік ішімдік ішіпті.
Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған ер адамның денесін туыстары бүгіннен қалдырмай елге алып кетеді. Ал, сот-медициналық сараптама марқұмның жүрек ауруынан көз жұмғанын анықтады.