$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

6 тамыз күні Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасуы мүмкін деп хабарлайды ХАА «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, жайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауаның ластануы Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында болуы ықтимал.

Ақтау, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында жайсыз метеорологиялық ахуал болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық күн, баяу соққан жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары