$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға батып кетті

Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен», – деді баспасөз қызметінде.

Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шықты. Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде  орын алды.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары