Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің бірінен әйел адам құлап мерт болды деп жазады tvk-uko.kz.
Әйел адам шамамен 40-45 жаста.
6 тамыз күні сағат таңғы 07:00-де Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жоғарғы қабаттан құлаған әйелдің денесі табылды.
Ол үйдің 14-қабатынан құлаған болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі уақытта оқиғанын қалай болғаны және себебі анықталып жатыр.