06.08.2018, 11:45

Қытайда полиция учаскесіне шабуыл жасалып, екі адам қаза тапты

Қытайдың Сычуань провинциясында 6 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де пышақпен қаруланған адам полиция учаскесіне шабуыл жасады деп жазады «Синьхуа» ақпарат агенттігі.

Қаскөй екі полиция қызметкерін өлтірген. Сонымен қатар, шабуыл  барысында 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Қылмыскерді полицейлер атып өлтірді. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сол күні таңертең кісі өлтіру оқиғасына байланысты полиция аталған қылмыскерге іздеу салған екен.

Қазіргі уақытта қоғамдық қауіпсіздік органдары іс бойынша тергеу жүргізуде.  

Дереккөз: ҚазАқпарат