$ 443.37  474.49  4.83

Оралда автокөлікпен соқтығысып қалған мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 6 тамыз күні сағат кешкі 22.00 шамасында болған деп жазады Мой город.

«Лада Калина» автокөлігі мен мотоцикл Өскен мен Маштаков ауылдарының арасында орналасқан Дерқұл кентінде соқтығысқан.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, олар әйелі екеуі Маштаков ауылына кетіп бара жатқан. Ал мотоцикл қалаға қарай бет алыпты.

«Мотоцикл жүргізушісі қарсы бағытқа шықты. Содан бір-бірімізге соқтығысып қалдық», – дейді автокөлік жүргізушісі.

Қатты соққыдан мотоцикл жүргізушісі жолдың арғы бетіне ұшып түскен. Анықталғандай, мотоциклдағы ер адам оқиға орнында көз жұмыпты.

Жол-көлік оқиғасына қатысты басқа да жәйттер анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары