Мүгедек боп дүниеге келген Әли Тұрғанбек тәй-тәй басып, жүре бастады. Сүйінші хабарды анасы желідегі парақшасында жариялады.
«Менің жолбарысым жүруді үйреніп жатыр. Тек қана қуаныштан жыласақ екен. Ұлымның арманы орындалды. «Бойым сізге жетті. Інімнен ұзынмын» деп мәз. Сенің барлық тілегің орындалсыншы, ұлым. Алла осы қуанышымызды ұзағынан сүйіндірсін», – деп қуанышымен бөлісті Әлидің анасы.
Айта кетейік, Қазақстанда Ник Вуйчич атанып кеткен Әли Тұрғанбекке дәрігерлер протез салуға болатынын бұған дейін айтқан.