Түркістан облысы ІІД Сарыағаш АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын қонақ үйлердің бірінде ұялы телефонын ұрлағаны туралы арызданған деп жазады Оtyrar.kz.
Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 100 мың теңгені құрады. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген, деп хабарлайды Түркістан облысы Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АІІБ полицейлері телефон ұрлығына күдікті ретінде жас әйелді ұстады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Өзгенің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.