Назарбаев Қытайдан елге орала алмай жатқан қазақтардың мәселесін шешуді тапсырыпты. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін ҚР СІМ Қайрат Абдрахманов журналистерге арнайы айтып берді деп жазады Sputniknews.kz.
Бүгінде Қытайдан 700 этникалық қазақтың елге келуіне құқығы жоқ.
«Пекин мен Үрімшіде, Алматыдағы Қытайдың бас елшілігінде ресми кездесулер өткізіп жатырмыз. Елбасы бұл мәселені басты назарда ұстап, оң шешімін табуды тапсырған болатын», – деді министр.
Айта кетейік, Қытай билігі этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың да Қазақстанға келуіне тыйым салған болатын. Балаларымен кездесу үшін шекараны бұзып өткен оған Жаркенттегі Панфилов соты ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін 6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарды.