Екі жасар бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді деп жазады Мой город.
Оқыс оқиға 31 маусым күні сағат кешкі 22.00 шамасында болған.
«2015 жылы туған бала 7 қабаттан құлап кеткен. Бассүйек-мидың жабық жарақаты және іш жарақаты бойынша орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді», – деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Болған оқиғаға байланысты басқа да жайттар анықталуда.