08.08.2018, 03:35

Көкшетауда жүкті әйел перинаталды орталықта көз жұмды

Ақмола облысының полицейлері Көкшетауда 25 жастағы жүкті келіншектің көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, 6 тамызда Краснояр кентінің тұрғыны 25 жастағы келіншек перинаталды орталықта  көз жұмған.

«Перинаталды орталықта Краснояр кентінің 1993 жылы туған тұрғынының көз жұму оқиғасына байланысты ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика  қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, осы оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат