Шымкентте жол ережесін бұзған полицейдің видеосы желіге тарап кетті деп жазады Otyrar.kz.
Айыппұл тұрағына бара жатқан жергілікті тұрғындардың бірі фарасын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпаған полицейді видеоға түсіреді. Одан не үшін жол ережесін бұзғанын сұрағанда полицей «маған болады» деп жауап береді.
Осы видеоға қатысты жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейрхан қол астындағы қызметкерге шара қолданып, оның тиісті айыппұл төлегенін мәлімдеді.