$ 449.58  486.94  4.86

Атырауда көпқабатты үйдің ауласында көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Өрт Мөңкеұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұтанған деп жазады Мой город.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көліктің өртенгендігі туралы хабарлама өрт сөндірушілерге күндізгі сағат 14.57 шамасында келіп түскен.

«Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында «Ауди 80» маркалы автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сағат 15.30 шамасында түгелімен сөндірілді. Жанып кеткен көлік шығыны және оған кімнің өрт қойғандығы анықталуда», – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментініңң өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары