$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан қырғыз әйел күйеуінен көрген қорлығын айтып көмек сұрады

Қазақстандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Алтынгүл Құдайбергенова күйеуінен әбден қорлық көріпті. Айтуынша қалталы жары оның бойындағы «шайтанды» шығарамын деп күнде сабайтын көрінеді деп жазады kaktus.media.

27 жастағы Алтынгүл қазаққа тұрмысқа шықпас бұрын оны қарапайым азамат деп ойлаған. Кейін оның ірі компанияның иесі екені белгілі болған.

«Онымен құрбымның анасы таныстырды. Таныса салысымен бірден үйленуге ұсыныс тастады. 5 уақыт намазы бар жігіт болғасын мен де келісе кеттім. Мені алып кетуге Бішкекке келді. Некеміз қиылды. Сосын Оралға бардық. Қырғыз болғасын оның үй іші мені келін ретінде қабылдай алмады. Ұнатпайтындарын көрсеткен сайын күйеуім мені таяқтың астына алатын. «Сенде шайтан бар. Соны шығарып жатырмын» дейтін. Мен де соған сенетінмін. Қайдан білейін», - дейді Алтынгүл.

Алтынгүл бір күні оңбай жеген таяғының кесірінен ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұны естіген туған ағасы қарындасын Қырғызстанға алып кетіпті.

«Ол артымнан іздеп Қырғызтанға келді. Анам кешірім бермей, үйден қуып шықты. Кейін дін жолындағы кісіні ертіп әкеп өлердегі сөзін айтты. Анам мені ертіп жіберді. Қазақстанға кеп бұрынғы әніне салды. Тағы ауруханаға түстім. Содан анама хабарласып, еліме қайттым», - деген ол балаларын отанына әкеле алмай отырғанын айтып көмек сұрады. Себебі, 4 баласы да Қазақстан азаматтығын алған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары