Бүгінгі күннің көрсеткіші бойынша доллар айырбас нүктелерінде 352-355 теңгеге жетті.
Доллардың ресми курсы 348 теңгені құрайды. KASE көрсеткіші бойынша АҚШ долларының орташа бағамы бір доллар үшін 353,53 теңге.
Доллар 2018 жылдың мамыр айынан бастап көтеріле бастады. Сарапшылар мұның себебі Ресей рублінің әлсіреуінен деп түсіндірді. Бұл маусымдық өзгеріс деп болжады.
Осыдан кейін доллар қымбаттай берді. Әсіресе, соңғы екі ай ішінде қатты өсіп, 19 шілдеде 344,98 теңге болды. Сарапшылар доллардың қазан айында арзандайтынын айтады.
Бүгін америкалық валюта тағы күшіне енді. Сарапшылар оған АҚШ тарапынан рубльге қатысты жаңа санкция салдары себеп деп отыр.
Дереккөз: Stan.kz