$ 494.87  520.65  4.91

Семей зообағындағы жан-жануарлар 40 градустық ыстыққа шыдай алмауда

Аптап ыстықтан аңдар да қиналуда. Семейдегі зообақ қызметкерлері 40 градустық ыстыққа шыдамайтын мақұлықтардың күтімін күшейтті. Әсіресе қапырық ауа-райы аюлар үшін өте қауіпті. Сондықтан, мамандар майтабандарға тоңазытқышта мұздатылған қауынды сағат сайын турап беруге мәжбүр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Күн ыстықта хайуанаттардың тамаққа тәбеттері жоқ екен. Тіпті, қапырыққа шыдамаған қасқырлар да еттен қайтып, жүдей бастаған. Сондықтан зообақ қызметкерлері аңдарды арам өлтіріп алмас үшін ыстықтың беті қайтқанша барын салуда. 40 градустық қапырық тек мақұлықтарға ғана емес адамдарға да қауіпті. Сондықтан жергілікті құтқарушылар  жұртқа сақ болуды ескертуде. Өйткені, тұрғындардың барлығы шаһар маңындағы өзен-көлдерді жағалап кеткен. Осыны ескерген төтеншеліктер суға ішімдік ішіп шомылуға болмайтынын айтуда. Десе де алдағы жексенбі күндері күн бұлттанып жаңбыр жауады деп күтілуде.

Виктория Волкова, Семей қалалық биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Мұндай ыстық күндері тордың ішіне уақытылы суық су сеуіп отыру қажет. Сондай-ақ, науасының да құрғап қалмауын қадағалаймыз. Әрине, аңдардың барлығы арнайы жасалған қораларына кіріп кететіні белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары