Астанада «Астықжан» сауда үйінің алдында тұрған Lada PRIORA автокөлігінің жүксалғышынан ер адамның мәйіті табылды деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға орнын полиция қоршап, тергеу-тексеру жұмыстарын бастап кеткен. Куәгерлер болса мәйіт табылған көлікті суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуде. Олардың айтуынша, автокөлік сауда орталығының тұрағында 3-4 күннен бері қараусыз тұрыпты. Жағымсыз иіс шыға бастағаннан кейін оқиға орнына полиция шақырылған.
Тәртіп сақшылары болса қайтыс болған адамның 29 жастағы ер адам екенін айтып отыр.
«10 тамыз күні Ақжол көшесінің бойында тұрған автокөліктің жүксалғышынан 29 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Оның денесінде азаптаудың белгілері жоқ. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмысты ізін суытпай ашу үшін қазір арнайы шаралар қолға алындынды", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.