Ақтөбеде сот мысықты піштіруге шешім шығарды деп жазады Ақтөбе Таймс.
«Best Style» тәлімбағының мүшесі, фелинолог маман Гүлзайра Ерекенова шетелге кететін болғандықтан мысығын 14 мың теңгеге сатып кеткен. Алайда марғаудың жаңа иесі келімшарт бойынша оны піштіруі керек болыпты.
Гүлзайра Ерекенова мысығын сатып алғандардың жануар сатумен айналысатынын, марғауды басқаларымен шатыстырмас үшін келісімшартта 7 айдан кейін піштіру керек деп көрсеткенін айтады. Жауапкер тарап 7 айдан асса да мысықты піштірмей, оны үшінші бір адамға сатқан.
Ерекенова сотта жеңіп шыққан. Сот қарсы тарапқа үшінші адамға сатқаны үшін 400 мың теңге, дер кезінде тұқымсыздандырмағаны үшін 500 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.