Қазақстандық бүлдіршін Ресей шипажайларының бірінде жамбас сүйегін сындырып алды деп жазады vestirama.ru.
Оқиға өткен айда Соль-Илецк шипажайында болған. Аттракцион қозғалысының қауіпсіздік қызметіндегі ереже бұзылып, бүлдіршін жерге құлап түскен.
Ауруханаға жеткізілген балақай жамбас сүйегін сындырған. Отбасымен елге оралған олар қазір баланы жергілікті ауруханада емдетіп жатыр.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.