$ 494.87  520.65  4.91

Томирис Байсафаның анасы қызының өліміне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Мәскеудегі университеттердің бірінде 4-қабаттан құлап қайтыс болған Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің қалай жүріп жатқаны жайлы анасы Жанна Ахметова айтып берді.

«Тергеу жайлы айтар болсам, әбден шаршадым. Мәскеу мен Қазақстан арасы тозды. Күшім де бітіп барады.

Іс Батыс округының тергеу басқармасынан Ресей Федерациясының Мәскеу бойынша тергеу комитетінің басты бөліміне жіберілді.

Президент әкімшілігі, БҰҰ, депутаттар мен барлық тергеу орындарына хат жаздым. Осылайша, істің мекен-жайы үшінші рет ауыстырылды», – деген ол сараптамалардың қайта тағайындалғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары