$ 494.87  520.65  4.91

Сүйіскен әйелдер соттасып жатыр

Атырауда көшеде сүйісіп тұрған шекарашы әйелдер жұмыстан қуылғандары үшін Азаматтық істер бойынша Атырау сотына шағымданды. Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ҰҚК шекара қызметі №2201 әскери бөлімінің екі шекарашысы ағымдағы жылдың мамырында жұмыстан қуылған. Болжам бойынша оларды қызметінен босатуға жұмыс орнында болмауы себеп болған. Өз арыздарында олар қызметке қайта алуларын, жалақылары төленіп, моральдық шығын өтелуін талап етуде.

Соттың алғашқы отырсы 30 шілде күні өтуі тиіс болған. Алайда арызданушы тарап отырысты 6 тамызға шегеруді сұрады.

Арызданушылардың қорғаушылары мен Атырау облыстық соты түсініктеме беруден бас тартты.

Еске салсақ, екі шекарашы әйелдің сүйісіп тұрған видеосы БАҚ пен әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Әйелдердің оғаш қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #Атырау