13.08.2018, 03:33

Қостанай облысында әйел дәретханада туып, баласын шелекке салып кеткен

Қостанай облысының тұрғыны босанып, шақалақты дәретханадағы шелектің ішіне салып кеткен деп жазады Аlau.kz.

Оқиға Затобол ауруханасында болған. Ол жерге 27 жастағы әйел іші ауырып жеткізіледі.

Қабылдау бөлмесінде әйелден анализ тапсыру ұсынылған. Алайда, ол сол сәтте дәретханаға барып, біраз уақыттан кейін шығады. Дәрігерлер әйелдің бұл іс-әрекетіне күмәнмен қарап, дәретхананы қараған. Сөйтсе, оның босанып, шақалақты шелектің ішіне тастап кеткенін көреді.

«Әйел өзінің жүкті екенін жасырған. Яғни, ол дәретханаға барып босаныпты. Жаңа туған сәбиін сол жердегі шелекке тастаған. Дәрігерлердің қырағылығының арқасында, сәби аман қалды. Оған жедел түрде көмек көрсетілді. Қазіргі кезде оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 7 тамыз күні әйел мен сәби Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді», – деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері  Юрий Моисеев.

Жаңа туған сәбиді тастап кету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.