$ 494.87  520.65  4.91

«Қабырғаны тесіп шықты»: BMW жүргізушісі Астанадағы су жаңа теміржол вокзалын қиратты (ВИДЕО)

Бұл Голливудтың фильмі емес, бұл оқиға Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында күні кеше ғана орын алды. BMW автокөлігінің жүргізушісі ғимарат ішіндегі автотұрақтан сыртқа шығу үшін үлкен шыны қабырғаны тесіп өткен.

Көлік жүргізушісінің не үшін мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Бір анығы, ол теміржол вокзалының ғимаратына айтарлықтай материалдық шығын келтірді. Шыны қабырғаны қиратып қана қоймай, көлік жүргізушісі эсколаторды да бұзып өткен.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Еске салайық, Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы былтыр ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысының өзі қатысып, мұндай керемет вокзалдың Еуропада да жоқ екенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары