Жақында ғана Қайрат Нұртас анасына «GUL» нөмірімен Lexus RX450 маркалы автокөлігін сыйлап, жұрттан біраз сөз естіп қалған. Заттыбек Көпбосынов та Айдарбековадан қалмай, мемлекеттік нөміріне атының алғашқы 3 әріпін жаздырып алды.
Көпбосынов «Lexus» автокөлігі № 001 мемлекеттік нөміріне «ZAT» сөзін қосып алған. Желі қолданушылары әншіні мақтаншақтықты қойып, қайырымдылық жасауға шақырды.
«Заттыбек мырза, сонша қаржы болмашы нөмір алғанша науқас балалардың еміне қаржы аудармайсыз ба?», «Осы әншілердің мақтаншақтығы ақ шаршатты. Ұяттарың бар? Қойсаңдаршы енді», - деп жазды олар.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас 777 деген санға GUL (гүл) әрпін қосып алу үшін шамамен 691 980 теңге төлеген.