$ 498.34  519.72  4.85

Үш рет көлік ұрлаған бала мектепте үлгілі оқушы

Оралда үш рет көлік ұрлаған 8 жасар Николай мектепте жақсы оқиды, әрі көпке үлгі оқушы деп жазады Мой город.

Бұл жайында №26 орта білім беру мектебінің директоры Ғибрат Ұрынғалиев айтты.

«Коля осы күзде үшінші сыныпқа көшеді. Оның отбасы толық. Анасы, әкесі, атасы, әжесі де бар. Ол отбасындағы жалғыз бала. Әкесі жүк көлігінің жүргізушісі, анасы үйде отырады. Әжесі медицина салсында жұмыс істейді. Отбасының барлық мүшелері баланың тәрбиесімен айналысады. Ол балаға бұл жаз айында не болғанын білмеймін. Мектепте ешқандай келеңсіз жағдай болған емес. Оның әке-шешесімен де сөйлестік. Баланың ата-анасы да уайымдап жатыр. Неге олай істегенін сұраса, үндемейді екен. Тек күліп, ендігіде бұлай жасамайтынына сөз беретін көрінеді», – дейді мектеп директоры.

Айта кетсек, бұл оқиғадан жергілікті такси жүргізушілері де сескеніп қалған. Олар көліктеріне мұқият қарайтын болғандарын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары