АҚШ-тағы Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі Кевин Хассетт түрік лирасының әлсіреуін түсіндіріп берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мемлекет либералдық демократиямен байланысын жоғалтып алған кезде экономикалық жағдайдың әрі қарай қандай болатынын білмейсің», - деді Кевин Хассетт MSNBC арнасының эфирінде.
«Валютаның 40 пайызға әлсіреуі еліміздегі негізгі экономикалық көрсеткіштің дұрыс емес екенін білдіреді. Қазіргі уақытта АҚШ әкімшілігі түрік лирасының бағамын мұқият бақылап отыр», - деді Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі.
Айта кетейік, соңғы күндері түрік лирасы айтарлықтай әлсіреген болатын. Ең төменгі көрсеткіші 7,24 долларға жеткен еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі «адам құқығын өрескел бұзды» деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.