Жыныстық қатынас кезінде өзгені қиялдау күнә екен. Бұл туралы имамдар бірнеше мысал келтірген.
Жалпы ғалымдар, оның ішінде Ханафи мәзһабының ғұламалары қиялдаудың бұл түрін күнә деп таныған. Бұл сөзімізді ғалымдарымыздың келесі сөздерімен өрбітсек:
Ханафи мәзһабының ірі өкілі Ибн Абидин (р.а) айтады: «Біздің мәзһабтың қағидаларына ең жақыны – бұл нәрсенің халал еместігі. Себебі, қатынас кезінде жұбайын бөтен адам деп қиялдау – әйелінің халал тәні арқылы күнәлі істі қиялдау болып табылады».
Мәлики мәзһабының ғалымы Ибн Хаж әл-Мәлики (р.а): «Ондай қиялды өз бойында іспен, өзгелердің жанында сөзбен қоштамауы керек. Бұл сынды жиіркенішті іс адамдар арасында көп байқалатын болған. Оның мысалы: бір адам екінші бір әйелді көріп, сүйсінгенінен кейін, үйіне келіп өз әйелімен қосылғанда, әйелін әлгі бөтен әйел деп қиялдауы. Бұл – зинаның бір түрі. Ғалымдарымыз бұның мысалын қолына бір ыдысты алып су ішкен адамға теңеген. Әлгі адам қолына алған ыдыстағы суды шарап деп қиялдап ішсе, ондағы су ол үшін харамға айналады. Бұл да сол сияқты. Қиялдаудың бұл түрі тек еркектерге