$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда полиция қызметкері алаяқтықпен ұсталды

Алматыдағы № 2 Жетісу аудандық сотында полиция қызметкеріне алаяқтық жасағаны үшін 4 329 000 теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жетісу аудандық сотының мәліметі бойынша, 2018 жылы ақпанда Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің жол полицейі зардап шегуші С-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс ережелерін дұрыс білмегенін асыра пайдаланып, оны әкімшілік жазаға тартпау және жүргізуші куәлігінен айырмау үшін 80 мың теңге пара алған.

Полицей «Алаяқтық» бабы бойынша сотталды. Сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз 1 800 АЕК мөлшерінде, яғни 4 329 000 теңге айыппұл салды. Енді ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс атқара алмайды.

Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкері «полицияның аға сержанты» шенінен айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары