15.08.2018, 11:02

Жамбыл облысында шаруа қожалығының иесін қызымен бірге өлтіріп кетті

Жамбыл облысының полицейлері шаруа қожалығының иесі мен оның қызын айуандықпен өлтірген күдіктіні қолға түсірді деп жазады Tengrienws.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облыстық ІІД-нің қызметкерлері 14 тамыз күні Шу ауданында ұрлық жасау жасау мақсатында шаруа қожалығының иесі мен оның қызын өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады", - делінген аталған хабарламада.

Күдіктіден айғақ зат ретінде мотоцикл, ноутбук, ұялы телефондар мен ақша тәркіленіп алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.