Соңғы 15 күнде түрік лирасы АҚШ салған санция әсерінен 40 пайызға құлдырады. Президент Ердоған бұл жағдайға былтырдан бері халықты дайындаған. Тіпті долларын өткізгендерге сыйлық беріп, шетел валютасынан жаппай бас тартуға шақырған. Лирасы құсызданып, әбірге түскен жұрт енді наразылық акциясын ұйымдастыра бастады.
«Елім үшін аштыққа да, өлімге де дайынмын. Ешқашан елімнің өлгенін қаламаймын», - дейді акцияға қатысқандардың бірі.
Қазір Түркиядағы киім сататын дүкендер туриске лық толы. Көрші мемлекеттен келгендер тауарларды арзан бағаға алып кетіп жатыр.