Мақпал Жүнісова саясаткер, қоғам қайраткері болған марқұрм Заманбек Нұрқаділовті еске алып, желідегі парақшасына ескі видео бөлісті.
Кадрда Нұрқаділов Мерейді көтеріп, «көңіл күй деген керемет» деп 1 жасқа тола қоймаған қызын еркелетіп жатады.
Жүнісова Нұрқаділовтің суретін не видеосын жарияласа, елдің жаппай шулайтынын жақсы біледі. Сол үшін бұл естелігіне пікір жазатын пәрменді алып тастапты.
Еске сала кетейік, билікті сынап жүрген Заманбек Нұрқаділовті 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде 3 жерден атып кеткен. Содан бері неше жыл өтсе де қылмыс ашылмады. Ал саясаткердің өлімінің қарсаңында ұлы лауазымды қызметке тағайындалды.