$ 444.22  476.38  4.82

Шекарадан заңсыз тауар өткізуге тырысқандар құрықталды

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараның әртүрлі бөліктерінде заңсыз тауар өткізуге тырысқандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б.Қонысбаев» атындағы бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (Оңтүстік Қазақстан облысы) Өзбекстаннан Қазақстанға жалпы салмағы 120 килограм болатын 5 қорап халық тұтынатын тауарларды заңсыз жолмен өткізуге тырысқан отандасымызды ұстады.

Тексеру барысында қолындағы тауарының кедендік декларациясы болмай шықты.

Аталған дерек бойынша материалдарды Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне беру жоспарланып отыр, ол бойынша ҚР ҚК 234 бабы бойынша іс қозғалатын болады.

Сондай-ақ,  «Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің (Қазақстан - Қытай шекарасы) шекарашылары Шекара маңындағы халықаралық ынтымақтастық орталығынан келе жатқан қазақстандық азаматты ұстады.

Оның заттарын қарау кезінде салмағы 70 килограмм болатын 3 қорап бижутерияның заңсыз екендігі анықталды.

Жоғарыда аталған бекеттің шекарашылары Шекара маңындағы халықаралық ынтымақтастық орталығынан келе жатқан қазақстандық азаматшаны ұстады. Тексеру барысында ол әйелдің 4 дана «Айфон 5» телефонын денесіне жасырып, сол арқылы шекарадан алып өтуге тырысқандығы анықталды.

Ал, Тараз шекара отряды «Жасөркен» заставасының шекарашылары (қазақ-қырғыз шекарасы) қызмет барысында көрші елден келе жатқан 3 бас малды ұстады (2 жылқы, бір құлын).

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Ұсталған жылқылар застава аумағында тұр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары