Қарағандылық жүргізуші жол полицейінің не айтып тұрғанын түсіне алмай, басы қатты.
Қарағандыда жол-патрульдік полиция инспекторы мен “ОСА” ҚҰ өкілі арасында қызық жағдай орын алды делінген ұйымның сайтында.
«Жедел-профилактикалық іс-шаралар, мас жүргізуші, қылмыскерлер, анықтау, жүргізуші, басқару, механикалық транспортты басқаруға құқығы жоқ механикалық транспортты басқарған жүргізуші», — деп тоқтату себебін түсіндірген жол полицейі қарағандылық жүргізушіні таң қалдырды.
Жүргізші иснпектордың мұндай ұзын-сонар жауабынан түк түсінбей, «Өзіңіздің не айтып тұрғаныңызды түсініп тұрсыз ба?» деген сауалына инспектор еш қымсынбастан «Әрине» деп жауап қайтарған.