#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда қарбыздан екі бала уланып қалды

Алматыда 10 тамызда «Көк базар», «Тастақ», «Жаңа Ақбұлақ» және «Кенжехан» базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алынды.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова Алматыда супермаркеттен сатып алынған қарбыздан екі бала уланып қалғанын айтты деп жазады BNews.kz.

«Алматыда 7-10 жастағы екі бала «Magnum» сауда үйінен сатып алынған қарбызды жеп, уланып қалған», - деді Айзат Молдақасымова.

Департаментінің басшысының айтуынша, 10 тамызда Алматыда департамент мамандары «Көк базар», «Тастақ», «Жаңа Ақбұлақ» және «Кенжехан» базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алған. Кейбір өнімдерде нитраттың жоғары екендігі анықталды.

«Қазір бақша өнімдерін жинау науқаны жүріп жатыр. Сонымен қатар, сүт коктейльдері, балмұздақ өнімдері де жақсы сатылуда. Біз рейд жүргіздік. Тексеріс нәтижесінде сыналған қарбыздардың 19%-да, қауындардың 18,7%-ында нитрат көрсеткіші жоғары болған. Құйылмалы балмұздақ, квас 100% ластанған болып шықты», - деді Айзат Молдақасымова.

Сонымен қатар, СЭС мамандары сауда жасағанда қандай жайттарға мән беру керектігіне тоқталды.

«Қауын-қарбыз алған кезде қай жерден сатып алатыныңызға мән беріңіз және кесілген қауын, қарбызды алмаңыз. Сатушыда сауда жасауға рұқсат етілген сертификат болуы шарт. Құйылмалы өнімдерді алған кезде, бір реттік ыдыстың болғанын талап етіңіз», - деді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары