Бүгін Ақмола облысы Макинка қаласында учаскелік полицейдің көмекшісі әйелін атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады, деп жазады 24.kz
Оқыс оқиға 1977 жылы туылған полиция капитанының үйінде болған. Ерлі-зайыптылардың артында 3 жасар баласы қалды. Қазір осыған байланысты тергеу жүргізіліп, жұмыстан тыс уақытта тәртіп сақшысының қызметтік қаруды неліктен үйге әкелгендігі анықталуда.