04.08.2015, 07:13

Қостанай қаласының әкімі «шок» болып отыр

http://www.ng.kz/

Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов екі бірдей орынбасары жемқорлыққа жол берген соң, өзінің «шок» алғанын айтты. Бұл туралы Наша газета басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.

«Мен бұл туралы не айта аламын? Мен бұл жағдайдан кейін «шок» болып отырмын. Өзім де түсіне алар емеспін. Басқа айтарым жоқ», – деді Ахметжанов телефон арқылы берген шағын сұхбатында.

Еске сала кетейік, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін құрықталған еді.

1 тамыз күні Мақсұт Қалиев «Премиум Палас» мейрамханасының маңында13 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Ал Фрунзик Аракелян жемқорлыққа қатысы болғаны үшін кеше кешке қамауға алынған болатыні.