$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ киносының тұсаукесері АҚШ-та өтетін болды

АҚШ-та "Қазақ хандығына 550 жыл" атты фильмнің тұсаукесері өтеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 3-12 тамыз аралығында АҚШ-та ҚР МСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев пен ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері қатысып жатқан IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы өтеді. Сапар барысында Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеті мен Нью-Йорктегі Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.

"Қазақ хандығына 550 жыл" фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл фильмде Керей мен Жәнібек, олардың ұлдары Қасым мен Бұрындық билігі туралы жаңа деректер көрсетіледі.

Жыл сайын АҚШ-қа IVLP бағдарламасы бойынша 5000 астам шетелдік қатысушылар келеді. Жалпы алғанда 200 000 шетелдік маман американдықтармен IVLP бағдарламасы көмегімен байланыс орнатты. Олардың арасында 330 қызметтегі және бұрынғы мемлекет басшылары мен департамент жетекшілері бар.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары