Белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаеваны екі ит екі жағынан сүйреп әкете жаздады. Бұл туралы видеоны әнші өз Instagram-парақшасында жүктеген.
Кәмшат хаски пародалы екі итті бауынан ұстап фотосессия жасамақшы болған. Алайда, оны иттер аяғына киген біз өкшесіне қарамастан сүйреп әкетті.
Бұл ретте желі қолданушылары Кәмшаттың жағдайына алаңдап, таулы аймақта иттермен суретке түспей-ақ қоюға кеңес берді.