$ 494.87  520.65  4.91

«Тек, шешінсең болды»: Қыздарға арналған онлайн-жұмыс туралы не білеміз?

Желіде қаптап жүрген жас қыздарға арналған жұмыстар туралы не білеміз? Жасы 18-ден асқан қыздарға арналған ең оңай, табысы мол қызмет түрлерінің артында не жатқаны туралы NUR.KZ жазады.

Бүгінде желіден «Жас қыздарға арналған жұмыс, тәжірибе маңызды емес, жоғарғы жалақы», - деген жарнамаларды жиі кездестіреміз.

Ақшаға қарық қыламыз деушілердің басты шарты - сырт келбеттің сұлулығы мен сымбатты дене бітімі.

Өздері «Веб-модель» немес «Онлайн жұмыс» деп атайтын бұл қызмет түрі камера алдында шешінуді ғана талап етеді екен.

Веб-модельдің ең басты міндеті - экранның ар жағында отырған клиенттің алдында шоу көрсете отырып шешіну.

Сізден тек қана интернет пен компьютер талап етіледі. Осы шартқа көнсеңіз, қыруар қаржыны алғашқы клиенттен соң-ақ қалтаңызға басасыз.

Сонымен қатар, агенттік желіге қыздардың табыс статистикасын жариялаған. Байқағанымызда, кейбір қыздар күніне 6-7 сағат бойы экран алдында жұмыс жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары