Желіде қаптап жүрген жас қыздарға арналған жұмыстар туралы не білеміз? Жасы 18-ден асқан қыздарға арналған ең оңай, табысы мол қызмет түрлерінің артында не жатқаны туралы NUR.KZ жазады.
Бүгінде желіден «Жас қыздарға арналған жұмыс, тәжірибе маңызды емес, жоғарғы жалақы», - деген жарнамаларды жиі кездестіреміз.
Ақшаға қарық қыламыз деушілердің басты шарты - сырт келбеттің сұлулығы мен сымбатты дене бітімі.
Өздері «Веб-модель» немес «Онлайн жұмыс» деп атайтын бұл қызмет түрі камера алдында шешінуді ғана талап етеді екен.
Веб-модельдің ең басты міндеті - экранның ар жағында отырған клиенттің алдында шоу көрсете отырып шешіну.
Сізден тек қана интернет пен компьютер талап етіледі. Осы шартқа көнсеңіз, қыруар қаржыны алғашқы клиенттен соң-ақ қалтаңызға басасыз.
Сонымен қатар, агенттік желіге қыздардың табыс статистикасын жариялаған. Байқағанымызда, кейбір қыздар күніне 6-7 сағат бойы экран алдында жұмыс жасайды.