13 тамыз күні Қарағандыдағы дүкендердің бірінің маңынан 45 жастағы пышақ жарақатынан көз жұмған ер азаматтың өлі денесі табылды деп жазады Newtimes.kz.
Жедел-іздестіру барысында 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Айыпталушы жанжал кезінде марқұмға пышақ жарақатын салғанын мойындаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша тексеру жұмысы жүргізілуде.