$ 444.22  476.38  4.82

Талдықорғанда цирк актрисасы жоғарыда өнер көрсетіп жатқан сәтінде құлап кетті (ВИДЕО)

Кеше кешкі уақытта цирк актрисасы жоғарыда өнер көрсетіп жатып құлап кетті. Осынау сәтте түсірілген видео бірден желіге тараған. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, актрисаны ауруханаға алып кетті деп жазады Казинформ.

28 жастағы цирк актрисасының жағдайы бүгін белгілі болды. Ол өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған. Қайтадан көрермендерімен қауыша алады. Бұл туралы цирк актері Иван Щербаков мәлім етті.

«Кешегі болған оқиға барлығымыздың зәремізді алды. Дарья Верская Омск қаласының тумасы. Ол кәсіби маман. Құлаған сәтінде Дарья техникалық қаауіпсіздік шараларын орындағанының арқасында ешқандай жарақат алмады. Бүгін ол сағат 19.00-де қайтадан көрермендермен қауыша алады», – деді Щербаков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары